STADA Health
Reports Eurasia

CARING FOR PEOPLE'S HEALTH

STADA Health Report туралы

STADA Health Report даму
жолы қандай?

2014

Жоба Германияда басталды

Зерттеу халықтың денсаулық мәселесіне көзқарасын зерттеп білуге бағытталған жергілікті бастама ретінде басталды.

2023

Зерттеуге Өзбекстан қосылды

Зерттеу аясы тағы да кеңейе түсті.

2018

Жоба халықаралық деңгейге шықты

Тақырып аясы кеңейіп, медицина саласындағы цифрландыру мен жаһандық трендтерге назар аударылды.

2024

Әлемнің 23 елі қатыса бастады

STADA Health Report медицина және денсаулық мәселесін бағалайтын ірі зерттеудің біріне айналды.

2022

Іріктеуге Қазақстан қосылды

Бірінші рет қазақстандық респонденттердің деректері енгізілді.

STADA компаниясы туралы

STADA – 130 жылдан бері «Серіктестерімен және тұтынушылармен сенімді қарым-қатынас орната отырып, адам денсаулығына қамқорлық жасау» деген миссияға адал болып келе жатқан фармацевтика компаниясы. STADA компаниясының негізгі бағыттары – Consumer Healthcare (CHC) сегментінің өнімдері, дженериктер және арнаулы дәрі-дәрмектер (соның ішінде биосимилярлар да бар). STADA өнімдері әлемнің 120 елінің нарығына шығады.

2022 жылы ТМД елдері аймағы тікелей Германиядағы штаб пәтерге бағынатын дербес бизнес бөлімшеге айналып, атауы STADA Еуразия болып өзгерді. Аймақ 11 елді қамтиды: Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Армения, Моңғолия, Тәжікстан және Түркіменстан.

STADA Еуразия компаниясының бас кеңсесі Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан. Компания аймақтағы елдердің көпшілігінде STADA Arzneimittel AG заңды тұлғаларын да тіркеді. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап STADA аймақта Sanofi компаниясының рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектер портфелін ұсынады.

STADA Health Report есептері

Қазақстан

2025

2024

2023

2022

Өзбекстан

2025

2024

2023

БАҚ біз туралы