STADA Health Report — жыл сайын STADA Arzneimittel AG фармацевтика компаниясы жүргізетін халықаралық зерттеу. Оның мақсаты — халықтың денсаулық мәселесіне көзқарасын, профилактика саласындағы әдет-дағдыларды, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді және медициналық қызметке қанағаттану деңгейін бағалау.
STADA Health Report медицина және денсаулық мәселесін бағалайтын ірі зерттеудің біріне айналды.
Әлемнің 23 елі қатыса бастады
2024
Зерттеу аясы тағы да кеңейе түсті.
Зерттеуге Өзбекстан қосылды
2023
Тақырып аясы кеңейіп, медицина саласындағы цифрландыру мен жаһандық трендтерге назар аударылды.
Жоба халықаралық деңгейге шықты
2018
Бірінші рет қазақстандық респонденттердің деректері енгізілді.
Іріктеуге Қазақстан қосылды
2022
Зерттеу халықтың денсаулық мәселесіне көзқарасын зерттеп білуге бағытталған жергілікті бастама ретінде басталды.
Жоба Германияда басталды
2014
STADA компаниясы туралы
STADA – 130 жылдан бері «Серіктестерімен және тұтынушылармен сенімді қарым-қатынас орната отырып, адам денсаулығына қамқорлық жасау» деген миссияға адал болып келе жатқан фармацевтика компаниясы. STADA компаниясының негізгі бағыттары – Consumer Healthcare (CHC) сегментінің өнімдері, дженериктер және арнаулы дәрі-дәрмектер (соның ішінде биосимилярлар да бар). STADA өнімдері әлемнің 120 елінің нарығына шығады.
2022 жылы ТМД елдері аймағы тікелей Германиядағы штаб пәтерге бағынатын дербес бизнес бөлімшеге айналып, атауы STADA Еуразия болып өзгерді. Аймақ 11 елді қамтиды: Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Армения, Моңғолия, Тәжікстан және Түркіменстан.
STADA Еуразия компаниясының бас кеңсесі Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан. Компания аймақтағы елдердің көпшілігінде STADA Arzneimittel AG заңды тұлғаларын да тіркеді. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап STADA аймақта Sanofi компаниясының рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектер портфелін ұсынады.
Cookies STADA сайтында кейбір cookie файлдары қолданылуы мүмкін, ол сайт жұмысына әсер етпейді. Мұны жекелеген пайдаланушылардың әрекетін бақылау немесе олардың кім екенін анықтау үшін емес, сайтты қалай қолданатыны жөнінде пайдалы мәлімет алу үшін жасаймыз. Бұл сайт жұмысын жетілдіріп, пайдаланушылардың қажетіне жарауға көмектеседі. Cookie файлдарды пайдалана отырып білгеніміз тиісті деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың веб сайтты қолдануы жөніндегі ақпарат STADA Arzneimittel AG тобының басқа компанияларына берілуі мүмкін. Cookie файлдарды өшіру немесе оларды басқару туралы ақпарат aboutcookies.org веб сайтында бар.